Орталық Қазақстандағы көлдердің эволюциясы және экологиялық мәселелері

Авторы: Панғалиев Е.М.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

ҚР ҒЖБМ грантымен қаржыландырылатын AP25794839 «Қазақтың ұсақ шоқысындағы бірқатар дала көлдерінің климаттың өзгеруі жағдайындағы су балансы» ғылыми жобасы аясында жазылған бұл монографияда Орталық Қазақстанның шағын және орта көлдерінің морфо-экологиялық жағдайын олардың эволюциялық дамуымен байланыстыра отырып бағалау жолдары қарастырылған. Зерттеу барысында аймақтың соңғы онжылдықтардағы климаттық өзгерістері талданып, көлдердің морфометриялық көрсеткіштері, су балансы және экологиялық жай-күйі анықталды. Көлдерді жаңа тәсілмен топтастыру, су балансының жылдық есебі және көлдердегі өзгерістерді кешенді бағалаудың балл-салмақтық әдісі ұсынылды. Монографияның нәтижелері су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мониторинг жүргізу және табиғи нысандардың жай-күйін бағалау үшін маңызды. Монография экология, гидрология және табиғатты пайдалану салаларында оқитын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ су ресурстарын басқару мамандарына арналған.