Түйе шаруашылығы

Авторы: Абдыкаликова Б.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Аталған оқулықта түйе шаруашылығының теориялық және қолданбалы негіздері жан-жақты қарастырылған. Еңбекте түйенің шығу тегі, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері, морфологиялық және физиологиялық сипаттары, өнімділік бағыттары, түйе тұқымдары мен будандарының өнімдік қасиеттері, сондай-ақ оларды азықтандыру мен күтіп-бағудың ерекшеліктері ғылыми деректер негізінде баяндалған. Сонымен қатар, түйе шаруашылығының Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы, саланың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талданған. Оқулық жоғары оқу орындарының «Зоотехния» және «Ветеринария» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын бакалаврларға, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ түйе шаруашылығымен айналысып жүрген қожалық иелеріне, өндіріс мамандарына және сала зерттеушілеріне арналған.