Жоғары мектепте педагогикалық зерттеулер жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері
Авторы: Байгожанова Д.С., Мубараков А.М., Кариева К.У.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Жоғары мектепте педагогикалық зерттеулер жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері — тақырыбында орындалған монографияның өзектілігі жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар дайындайтын информатика және ақпараттық технологиялар салаларының жоғары курс студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және жас ғалымдарына: ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру мен олардың негізгі нәтижелеріне сараптама жүргізуге, сонымен қатар дайын болған жобалар, дипломдық жұмыстар, магистрлік және докторлық диссертацияларды рәсімдеуге арналып шығарылған көлемді түрдегі шығармалардың, оқу-құралдары мен монографиялардың қазақ тіліндегі нұсқалардың аздығына негізделеді. Сол себепті біз ұсынып отырған монографияның мақсаты — жоғары мектептерде ғылыми зерттеулермен айналысатын жас мамандарды: педагогикалық зерттеулер жүргізудің түрлерімен, теориялық және әдістемелік тұрғыдағы негіздемелерімен, магистрлік, докторлық диссертациялар, шағын ғылыми жобалар жасаудың негізгі компоненттерін анықтауға қойылатын әдіснамалық заңдылықтар мен талаптарды меңгеру арқылы, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру және сараптама жасап нәтижелер алудың ғылыми тұрғыдағы тұжырымдарын жасай білуге дайындау. Ұсынылып отырған монография — жоғары мектептердің білім беру саласында педагогикалық мамандар дайындайтын бөлімдерінде жұмыс жасайтын болашақ мұғалімдерге, шағын жобалдар жасайтын, диплом жазатын білімгерлерге, магистранттарға, докторанттарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми қызметкерлерге арналады.