Әбіш Кекілбаев және замана шындығы

Авторы: Дүйсенбаева Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Аталған еңбекте заманымыздың заңғар қаламгері Әбіш Кекілбаевтың туындыларындағы тарихи тақырыптың игерілуі, образ жасау жолдары, кейіпкерлердің типтендірілу ерекшеліктері, жазушының тарихи құжаттар мен мұрағат деректерін сөйлетуі, характер жасау шеберлігі, фольклорды пайдалану машығы, тағы басқа әдеби — теориялық мәселелер талданады. Жазушының «Үркер», «Елең-алаң» романдарымен қатар бірқатар повестері, «Абылай хан» драмасы, тың туындысы «Шандоз» деректі-баянындағы ұлттық дүниетаным арналары қарастырылады. Тарихи тұлғалар бейнесінің бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша шешім табуы, жан-жақты сөз болады. Еңбек студенттерге, магистранттарға, әдебиет пен өнер мұраларына зер салып жүрген қалың оқырманға арналады.