Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері
Авторы: Нуртазин М.С.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары жүйесіне жан-жақты талдау жасауға арналған. Бұл еңбекте өңірлік деңгейдегі мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісінің қалыптасуы мен жай-күйіне ерекше назар аударылған. Бастысы, жергілікті сайланған және атқарушы органдардың жұмыс істеуін, олардың аппараттарының іс жүзіндегі қызметін мемлекеттік қызметтің дамуы кезеңдері сатысында, қазіргі қолданылып жүрген әкімшілік және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға соңғы жылдары енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып зерттеуге талпыныс жасалған. Сонымен қатар кітапта мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы кезеңдік реформалардың мақсаттарын іс жүзіне асыру бойынша басымдыққа ие бағыттар ескерілген. Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы түсінікті айтарлықтай кеңейте түсуге мүмкіндік беретін теориялық қорытындылар баяндалып, мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі міндеттері мен қызметтері қаралады. Ғылыми және іс-тәжірибелік басылым мемлекеттік қызметкерлерге, мамандар мен зерттеушілерге, оқытушыларға әлеуметтік, саяси пәндерді атап айтқанда «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» оқып-үйренетін магистранттар мен студенттерге арналған. Сондай-ақ осы еңбектің өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызмет мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандар үшін де пайдалы болатыны сөзсіз.