Органикалық химия

Авторы: Айтуганова С.Г., Киишева Д.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Практикумның мазмұны «Органикалық химия» курсының негізгі бөлімдерін қамтиды. Ұсынылған органикалық химиядан зертханалық практикумы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына және «Химия — Биология» және «Химия» білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді. Практикумның негізгі міндеті теориялық білімді практикада қолдану, химиялық приборлармен, реактивтермен жұмыс жасау ережелерін ұғыну болып табылады. Басылымның кіріспе бөлімінде химиялық зертханада жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері, зертханалық жұмыста қолданылатын шыны ыдыстар, құрал-жабдықтар мен аспаптар туралы мәліметтер берілген. Практикумда негізгі теориялық түсініктер мен заңдылықтар, қарастырылатын бөлімдер бойынша өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар, қосымшалар мен емтихан сұрақтары қамтылған. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ кестелік деректерді қамтитын қосымшалар бар.