Ғылым тілі мәселелері

Авторы: Әлісжан С.Қ.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Ғылыми дискурстың танымдық негіздері» деп аталады. Мұнда ғылыми дискурстың белгілері мен ерекшеліктері, негізгі ұғымдары, ғылыми мәтіннің мағыналық құрылымы, ғылыми мәтіндердегі субъект факторы қарастырылады. Сондай-ақ ғылыми дискурстағы коммуникативті-когнитивтік кеңістікті қалыптастыратын кейбір метафоралық модельдер сипатталады. Екінші бөлім «Терминология мәселелері» деп аталады, автордың осы салада әр жылдары жарық көрген мақалалары топтастырылған. Кітап ғылым тілі, ғылыми дискурс мәселесі қызықтырған мамандарға, ғылыми жұртшылыққа, филология мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттарға арналады.