Тамақ өнеркәсібіндегі тосқауыл технологиялары

Авторы: Узаков Я.М., Кожахиева М.О., Қалдарбекова М.Ә-А., Кузембаева Г.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Кітапта тосқауыл технологияларының негізгі принциптері, олардың жаңа аспектілері, тамақ өндірісінде қолданылуы көрсетілген. Тосқауылдар тұжырымдамалары, олардың өзара әрекеттесуі және азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігіне әсері, азық-түліктің тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін аралас өңдеу әдістері және оларды кеңірек пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Азық-түліктің қауіпсіз сақтау мерзімін анықтауға көмектесетін болжамды микробиология туралы негізгі мәліметтер келтірілген. Тосқауыл технологиясы тұжырымдамасының басқа ұғымдармен байланысы көрсетілген. Оқулық «Тамақ өнеркәсібіндегі тосқауыл технологиялары» пәнін оқитын «Тамақ өнімдерін өндіру» білім беру тобы бойынша білім алушыларға арналған.