Ғылыми зерттеу жұмыстары
Авторы: Айтуганова С.Г., Алмагамбетова М.Ж., Губайдуллина Г.М.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралында ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық және әдістемеліқ негіздері, соның ішінде магистрлік диссертацияның дайындалу және орындалу тәртібі, эксперименттік мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері, оларды қолда бар ғылыми зерттеулерді ескере отырып түсіндіру, ғылыми зерттеу қорытындыларын есептер, рефераттар, ғылыми мақалалар түрінде ұсыну қарастырылған. Білім алушыларға мәселелерді айқындауға, гипотезаны және зерттеу міндеттерін тұжырымдауға және зерттеу жоспарын құруға, оңтайлы зерттеу әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу құралы «Ғылыми зерттеу жұмыстары» пәнін оқитын «5В072100 (6М072100) — Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В072000 (6М072000) — Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша білім алушыларға арналған.