Нығмет Сәбитов: шығыстанушы, тарихшы-этнограф, библиограф

Авторы: Шашаев Ә.К., Бегманова М.М.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Монографиялық зерттеуде кеңестік Қазақстандағы алғашқы кәсіби деңгейдегі шығыстанушы, библиограф және алғашқы этнографиялық зерттеулерді ұйымдастырушы, дінтанушы, сонымен қатар әдістемелік-педагогикалық және тарихи оқу-құралдарының авторы Н. Сәбитовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне және ғылыми мұрасына талдау жасалады. Өзінің алдындағы ғалымдар секілді энциклопедиялық білімі бар, араб-парсы, түрік және ағылшын тілдерін яғни, кемінде жеті елдің тілін жете меңгерген, жаңа дәуір басында өмір сүрген қазақ зиялыларының соңғы легіне ілесе өскен зерттеушілердің бірі болған Н. Сәбитовтың артына қалдырған мұрасы мол.