Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Авторы: Султанова Н.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
«Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі» оқу құралы 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге арналған. Оқу құралында теориялық материалдар, практикалық ұсынымдар, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар, өзін-өзі бақылау сұрақтары және ұсынылатын әдебиеттер тізімі қамтылған. Бұл болашақ педагогтердің кәсіби білімін, практикалық біліктері мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттеріне, магистранттарға, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне, мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған. Ұсынылған материалдарды білім беру үдерісінде де, мектепке дейінгі білім беру жүйесі мамандарының практикалық қызметінде де пайдалануға болады.