Агроөнеркәсіп кешенінде машина-трактор паркін пайдалану

Авторы: Бектасов Б.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Агроөнеркәсіп кешенінде машина-трактор паркін пайдалану» атты оқу құралы ауылшаруашылығы саласындағы тракторларды, доңғалақты машиналарды және комбайндарды ғылыми тұрғыда тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер береді. Сонымен қатар заманауи үлгідегі тракторлардың ерекшеліктері, олардың артықшылықтары және жұмыс істеу қағидаттарына орайластырылған GPS және Isobus борттық жүйелер секілді, цифрлық технологиямен басқарылатын роботтандырылған механизмдері мен жүйелері туралы мәліметтер қамтылған. Оқу құралы — трактор және онымен агрегатталатын машиналар кешені, олардың сапалы жұмысын сипаттайтын көрсеткіштер, егіншілік саласындағы озық технологиялар туралы бөлімдерді қамтиды, сол секілді машина трактор паркін пайдалану құрылымына енгізілген т.б. жаңашылдықтар туралы толық мәліметтер келтірілген. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің прогрессивті технологиялары, ресурс үнемдейтін машина-трактор агрегаттарын жинақтаудың қазіргі заманғы әдістері, негізгі механикаландырылған жұмыстарды орындаудың операциялық технологиялары, сондай-ақ машина-трактор паркінің және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметінің жұмысын ұйымдастыру негіздері баяндалған. Әр бөлімде есептеулердің сандық мысалдары және тиісті статистикалық мәліметтер келтірілген. Оқу құралы «Агроинженерия» жоғары мектебінің «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша «Машина пайдалану» пәнінен білім алушыларға арналған.