Еңбек ресурстарын басқару
Авторы: Наренова А.Н., Амирова Г.К., Байтиленова Е.С., Амалбекова Г.Е.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулықта «Еңбек ресурстарын басқару» пәнінің негізгі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Бұл еңбек ресурстарын басқару мамандығы бойынша кәсіби пәнді оқыту барысында авторлар ұжымының көпжылдық тәжірибесін жинақтау нәтижесінде әзірленген оқу құралы болып табылады. Оқулықта халық, жұмыс күші, еңбек ресурстары және еңбек әлеуеті сияқты негізгі экономикалық санаттардың мазмұны ашылып, еңбек ресурстарының құрылымы мен оларды бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздері ұсынылған. Сонымен қатар еңбек қатынастары, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының өзара сәйкестігі, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және оларды басқару тетіктері жан-жақты қарастырылған. Материалдың құрылымы, мазмұны және оны баяндау логикасы мамандарды даярлаудағы функционалдық тәсіл қағидаттарына негізделген. Оқулық бизнес және менеджмент білім беру бағыты бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ еңбек ресурстарын басқару мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.