Қазіргі қазақ прозасы

Авторы: Байбол Ә., Тоқтарбай Е.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

PhD, әдебиеттанушы, жазушы, алаштанушы-ғалымдар Әлібек Байбол мен Елдос Тоқтарбайдың есімі елге кеңінен таныс. Қазіргі әдебиеттану ғылымында тың зерттеулер жасап жүрген бұл авторлардың осы еңбегі ұлттық әдебиеттің жай-күйіне, маңызды мәселелеріне, қазіргі қазақ прозасына арналған. Монографияда қазіргі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі, бүгінгі тенденциялар жан-жақты талданған. Зерттеуді ЖОО-ның филология, әдебиеттану мамандығының студенттері, сондай-ақ «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті» пәндеріне қосымша оқу құралы есебінде қолдануға болады.