Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориясы мен практикасы
Авторы: Бузаубакова К.Д.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Монографияда Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері ашылып, болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделі ұсынылып, қашықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы құзыреттілігін қалыптастырудың кезеңдері мен деңгейлері анықталып, жаңа әдістемесі ұсынылады. Сондай-ақ, монографияда қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған инновациялық мазмұндағы іс-шаралардың үлгі-жоспарлары беріледі. «Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориясы мен практикасы» монографиясы AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспек-тілері» атты гранттық жобасы аясында жарық көрді және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылды.