Python бағдарламалау тілінің негіздері

Авторы: Кажиакпарова Ж.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралында Python тілінің негіздері, сондай-ақ Tkinter модулін қолдана отырып, объектіге бағытталған бағдарламалау технологиясын жүзеге асырудың теориялық аспектілері көрсетілген. Сонымен қатар, практикалық жұмыстарды орындау және бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу үшін қажетті әртүрлі мысалдар келтірілген. Әр тақырыптың соңында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға бағытталған жаттығулар, тест сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген. Оқу құралы «Python бағдарламалау тілі» пәнін оқитын педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Ұсынылған оқулық «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласындағы жоғары және мамандандырылған орта мектептердің студенттеріне арналған.Сонымен қатар, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары мен информатика пәні мұғалімдеріне де пайдалануға болады.