Иллюстрация. Стильдеу негіздері

Авторы: Байгожанова М.А.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование

Оқу құралы студенттердің стильдеу дағдыларын қалыптастыруға арналған теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Оқу құралында стильдеудің негізгі қағидалары, түрлері, кезеңдері және көркемдік құралдары қарастырылады. Практикалық тапсырмалар беру мен орындату арқылы студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту көзделген. Сонымен қатар, оқу құралы иллюстрациядағы стильдеу ұғымын терең меңгеруге арналған. Оқу құралының мақсаты — студенттерге иллюстрациядағы стильдеудің теориялық негіздерін меңгерту, форманы ықшамдау және жалпылау әдістерін үйрету, декоративті ойлау қабілетін дамыту және авторлық өзіндік стиль қалыптастыруға бағыт-бағдар беру. Ұсынылып отырған оқу құралы — студенттердің кезең-кезеңімен жұмыс істеуіне негізделген. Алдымен қарапайым нысандарды стильдеу ұсынылады, кейін күрделі композициялар мен кейіпкерлер жасауға арналған тапсырмалары берілген жүйелік тәсіл қолданылады. Сонымен қатар, оқу құралда заман талабына сай, жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, иллюстрация жасауда стильдік эволюцияның реализмнен декоративтілікке дейінгі кезеңдері теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделеді. «Иллюстрация» пәнін оқитын колледж студенттеріне арналған.