Қарағанды облысының су ресурстарының жай-күйі және оларды бағалау

Авторы: Оспанова Г.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Монографияда Қарағанды облысының су ресурстарының қазіргі экологиялық жай-күйіне, су нысандарына түсетін антропогендік және техногендік жүктемелерге кешенді бағалау жүргізілген. Зерттеу барысында су ресурстарын басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері, Қазақстан Республикасының су саласындағы нормативтік-құқықтық базасы, сондай-ақ Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының қызметі қарастырылған. Өңірдің негізгі су нысандарының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы талданып, су ресурстарына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қызметінің әсері бағаланған. Зерттеу нәтижесінде Нұра өзеніндегі тарихи сынап ластануы, Шерубай-Нұра өзеніне тау-кен және энергетикалық кәсіпорындардың әсері, Сарысу өзеніндегі ауыр металдармен ластану және су тапшылығы сияқты негізгі экологиялық мәселелер айқындалған. Су ресурстарын қорғау мен тиімді басқаруды жетілдіруге бағытталған, оның ішінде цифрлық мониторинг, заманауи су тазарту және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірленген. Монографияның мақсаты — Қарағанды облысының су ресурстарының экологиялық жай-күйін бағалау және оларды қорғау мен тиімді пайдаланудың ғылыми негізделген бағыттарын ұсыну. Монография экология, гидрология және су ресурстарын басқару салаларындағы ғалымдар мен зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының мамандарына арналған.