Өнеркәсіптік экология

Авторы: Оспанова Г.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Өнеркәсіптік экология» оқу құралы өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға әсерін ғылыми тұрғыдан зерделеуге және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын түсіндіруге арналған. Оқу құралында өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфералық ауаға, су ресурстарына және жер ресурстарына әсері, өндірістік қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Оқу құралының мазмұны білім алушылардың өнеркәсіптік экология саласындағы теориялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық мәселелерді бағалау және оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстық әлеуеті мен экологиялық ерекшеліктері ескерілген. Oқy құpaлы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға және өнеркәсіптік экология мәселелеріне қызығушылық танытатын мамандарға арналған.