Қазіргі Қазақстандағы этноконфессиялық диалог және мәдени трансформациялар

Авторы: Ахметжанов Д.Ғ.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Бұл монографиялық зерттеуде қазіргі Қазақстандағы этноконфессиялық диалогтың мәдениеттанулық негіздері, оның өзгеру динамикасы мен жаһандану дәуіріндегі даму тетіктері кешенді түрде қарастырылады. Автор конфессияаралық қатынастарды тек дәстүрлі дінтанулық немесе тарихи-сипаттамалық тұрғыдан емес, мәдениеттанулық негіздер, диалогтық философия және заманауи мәдени құндылықтар аясында қайта пайымдайды. Еңбекте Қазақстанның поликонфессиялық кеңістігінің тарихи-мәдени алғышарттары, тәуелсіздік кезеңіндегі дәстүрлі діндердің қоғамдық-мәдени орны, сондай-ақ заманауи қоғамдағы толеранттылықты нығайтудың институционалдық тетіктері талданады. Ерекше назар жаһандану мен цифрландыру жағдайындағы жастардың діни санасының өзгеруіне, әлеуметтік желілердегі медиа-мәдениет пен киберкеңістіктегі этноконфессиялық диалогтың жаңа сын-қатерлеріне аударылған. Монография мәдениеттанушыларға, дінтанушыларға, әлеуметтанушыларға, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ мемлекеттік өкілетті органдар мен этноконфессиялық қатынастар мәселесімен айналысатын зерттеушілерге арналған.