Электр желістері мен жүйелеріндегі өтпелі электромагниттік процесстер

Авторы: Ахметбаев Д.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралы «Электр энергетика» бағытының білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған. Оқу құралында электромагниттік процесстерді есептеудің теориялық негіздері қарастырылады. Электр желісінің есептік схемасын құру жүйесінің параметрлерін анықтаудың жалпы әдістері ұсынылған. Күрделі электр желістеріндегі қысқа тұйықтау режимдерін есептеу үшін тізбектерді түрлендіру негіздері қарастырылады. Электр желісінің есептік схемасының параметрлерін атаулы және атаусыз өлшем бірліктерімен анықтау жолдары көрсетілген. Үш фазалы тізбектегі айналмалы қорытқы векторының физикалық мағынасы түсіндіріледі. Парк-Горев теңдеулерін шығару жолдарын көрнекі түрде түсіндіру үшін координаттарды түрлендірудің графоаналитикалық әдісі берілген. Өтпелі процестерді есептеудің практикалық әдістері ұсынылады. Асимметриялық өтпелі процестер көлденең және бойлық асимметрия режимдері ретінде қарастырылады. Симметриялық құрамдар әдісі негізінде тура, кері және нөлдік токтардың параметрлерін анықтаудың теориялық негіздері сипатталған. Бойлық асимметрия мәселелері бір және екі фазаның үзілуі түрінде баяндалады. Оқу құралы материалы электрэнергетика бағдарламасы бойынша білім алып жатқан бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарға арналған. Сондай-ақ бұл оқу құралы электротехника саласында жұмыс істейтін инженерлерге де пайдалы болуы мүмкін.