Академиялық сауаттылықтың теориялық жəне практикалық негіздері
Авторы: Динаева Б.Б., Сапина С.М.
Издательство: Казахский гуманитарно-юридический университет
Оқу құралы академиялық сауаттылықтың теориялық жəне практикалық мəселелерін қамтиды. Оқу құралы қазақ тілінде академиялық мəтін құрастырудың жолдары мен əдістерін көрсетеді. Кітапта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу кезеңдері сипатталады, ғылыми мəтіннің басты жанрлары, оларды ресімдеу тəртібі, эссе жазу ережелері беріледі. Оқу құралының материалдары студенттерге жəне білім беру саласының мамандарына ғана емес, сонымен қатар эссе жазуды үйреніп, сауатты академиялық мəтін жазғысы келетін барша қауымға арналады.