Жұмыстар және қызметтер – азаматтық құқықтардың объектілері ретінде

Авторы: Қыстаубай Ө.С., Үмбетов А.Е.

Издательство: Казахский гуманитарно-юридический университет

Бұл ғылыми басылымда азаматтық құқықтардың объектілерінің бірінен саналатын жұмыстар мен қызметтерге қатысты құқықтық ғылымда қалыптасқан әр-алуан ғылыми, теориялық және тәжірибелік пікірлер мен көзқарастар келтірілген және осы сұрақтар бойынша авторлар ұстанымы да берілген. Жұмыстар мен қызметтерді азаматтық-құқықтық реттеуге байланысты қазақ тілінде жарық көріп отырған алғашқы еңбектердің бірі болғандықтан бұл ғылыми басылым студенттер мен магистранттарға, аспиранттар мен докторанттарға, сонымен қатар қызығушылық білдіретін кез-келген өзге де адамдарға ұсынылады.