Iскерлік хат алмасу тілі
Авторы: Динаева Б.Б.
Издательство: Казахский гуманитарно-юридический университет
Оқу құралы іскерлік хат алмасудың теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды. Оқу құралында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостволарда, ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда өте жиі қолданылатын құжат түрлерін құрастырып ресімдеуге үйрету мақсатында дайындалуға қажетті түпнұсқа құжат үлгілері, іскерлік хат алмасу тілі бойынша дайындалуға арналған тапсырмалар берілген. Ұсынылған ресми құжаттың үлгілері мемлекеттік тілдегі ісқағаздардың жазба үлгілерін тілдік нормаға сай терең меңгеруге, ісқағаздарын сауатты толтыруға үйретеді. Сабақ барысында тәжірибеден өтіп, сарапталған бұл оқу құралы студенттерге, мекеме қызметкерлеріне, кеңсе ісқағаздарын жүргізушілерге, жалпы көпшілік қауымға арналған.