Мәтін лингвостилистикасы

Авторы: Утанова А.Қ.

Издательство: Казахский гуманитарно-юридический университет

Еңбекте тіл, қолданыстағы тіл, автор- мәтін- оқырман коммуникативті актісі лингвистикалық және стилистикалық бірлікте қарастырылған Мәтін теориясы - лингвостилистикалық тұрғыда өзара байланысқан ой білдіру құралы болғандықтан, мұнда автордың идеясы, көзқарасы оқырман қажетіне, түсінігіне сәйкес тілдік бірліктермен беріледі. Соған орай мәтін құрылымындағы экспрессивті-бағалауыштық қызметтің автордың ой-көзқарасын анықтауға жұмсалатындығын ашу болатыны даусыз. Мәтіндердегі тілдің эстетикалық қызметі мен сөздердің экспрессивтілік мәнділігі, етістік тұлғалары, көріктеу құралдарының стилистикалық құрал ретіндегі қызметін ажырату – ұсынылып отырған еңбектің мақсатын танытады. Монография тілші мамандарға, әдебиет теориясын зерттеушілерге, жалпы қазақ тілі мен әдебиеті мамандарына, филология студенттеріне арналады.