«Микрорганизмдер биотехнологиясы» пәні бойынша оқу құралы
Авторы: Касенова Г.Т.
Издательство: Нур-Принт
Оқу құралында биотехнологияда пайдаланылатын микробиологиялық зерттеулердің әдістері, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді өндірістік штамдарын алу, оларды өсіру және сақтау әдістері, өндірісте қолданылатын ашу процестері туралы мағлұматтар берілген. Оқу құралында берілген әр тақырып толық ашылып көрсетілген, яғни оның мақсаты, мазмұны, студенттің өз бетімен істейтін жұмысының әдістемесі, тақырыпқа байланысты ұсынылатын әдебиеттер келтірілген. Әр зертханалық-тәжірибелік сабақтың тақырыбына байланысты орынды сұрақтар келтірілген. Ол студенттің өткен тақырыпты жақсы игеріп, білім деңгейлерін кеңейтуге көмегін тигізеді.