Маммологиядан тәжірибелік сабақтар
Авторы: Есенқұлов Ә.Е.
Издательство: Нур-Принт
Ұсынылып отырған еңбекте маммологиядан мынадай тақырыптар қарастырылады: Қазақстанда сүт безі ісік ауруларының таралу ерекшеліктері; бұларға деген медициналық көмек қалай ұйымдастырылған, қауіп-қатерлі топтардың барлығы, оларды анықтау, емдеу әдістері; сүт бездеріндегі ісік алды аурулар; рак ауруындағы жедел, тез медициналық көмек; еркектердің кеуде бездеріндегі ісік алды және рак аурулары; қабыну аурулары, олардың клиникалық түрлері, ағымы, анықталу, емделу ерекшеліктері; сирек кездесетін қатерлі ісіктер, оларды анықтау, бір-бірінен ажырату және емдеу әдістері; сақтану шаралары, түрлері, орындалу тәсілдері; Оқу-әдістемелік құралдың басқалардан айырмашылықтары: әр тақырыптың маңыздылығы, мән-мақсаттары жан-жақты, терең қарастырылуында. Сонымен бірге: оқу мақсаттары айқындалады және практикалық сабақтардың ұйымдық құрылымы, өткізілу жоспарлары қарастырылады; қандай жерде және олар қалай өткізіледі туралы да көрсетіледі; әр тақырыптарға байланысты қойылатын тест сұрақтары және олардың жауаптары бөлек-бөлек жазылады; білімге қажетті негізгі және қосымша әдебиет тізімдері келтіріледі; ситуациялық есептер, олардың дұрыс жауаптары қарастырылады; студенттердің алғашқы, ортаңғы, соңғы алған білімдері анықталынады; оларды тексеру әдістері жазылады; ең негізгі айырмашылық – ол кейбір жаңа тақырыптардың қарастырылуында, атап айтқанда, қабыну аурулары және еркектердің кеуде бездеріндегі ісік алды, рак сырқаттары жанжақты, терең талқыланады; эпидемиологиялық мәселелер, әсіресе, рак ауруының асқыну себептері және дертті ерте анықтау, реабилитациялық аралар тұралы айтылады. Еңбек алғаш рет мемлекеттік тілде жазылып отыр, ол автордың көп жылғы еңбегінің туындысы.