Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік
Авторы: Сәтімбеков Р., Келемсейіт Е., Шілдебаев Ж.
Издательство: Нур-Принт
Бұл оқу құралында Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) мен биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу, қалпына келтіру және қорғау мəселелері туралы терең талдаулар жасалынған. ЕҚТА-дың жеке санаттары мен олардың табиғатты қорғау саласында жүргізіп жатқан жұмыстарының ерекшіліктері Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңына» (2006 ж) сәйкес әрі жүйелі, әрі ғылыми тұрғыда жазылған. ЕҚТА-ға байланысты бірнеше экологиялық тәрбие сағаттарының үлгі нұсқалары да қосымша ретінде орынды берілген. Оқу құралы негізіннен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып типтік бағдарлама негізінде жазылып ұсынылған. Оқу құралы, сонымен қатар, мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге, оқушыларға және көпшілік оқырмандарға көмегін тигізетін құнды қосымша құрал болатынына да сеніміміз мол.