Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау

Авторы: Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б.

Издательство: Нур-Принт

Оқу құралында жануарлардың жұқпалы ауру қоздырушыларын морфологиялық, тинкториалдық, өсінділік, биохимиялық, антигендік жəне патогендік қасиеттері бойынша ажырату əдістемелері берілген. Сонымен қатар, қоздырушының патогендік қасиеттері оларға сезімтал организмде өздері тудыратын патологиялық құбылыстармен бірге кешенді түрде қарастырылған. Студенттерге түсінікті болу үшін жұқпалы аурулардың пайда болуындағы қоздырушының ролі, аурудың патогенезі, клиникалық көрінісі, патологиялық-анатомиялық өзгерістері сипатталған жəне ауруды балау жəне ажыратып балау əдістері көрсетілген.