Мініс жылқы тұқымдарының ұшқырлық сапасы
Авторы: Исхан Қайрат Жəлелұлы
Издательство: Нур-Принт
Монография - мұнда жылқының мініс тұқымдарының шығу тегі мен қалыптасу тарихы жəне оның кейбір ерекшелігі, өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру, оның зауыттық тренингісі, ұшқырлық сапасын сынау мен бағалау технологиясына ғылыми негізделген тұжырымдама берілген. Бұл кітап жылқы маманы мен ат спортының жазықтағы шабысымен айналысатын жекеменшік ат иелерінің мініс тұқымындағы жылқы өсіру технологиясын меңгерудегі білімі мен тəжірибелік біліктілігін көтереді. Сонымен бірге ат өнеріне тəнті көрермен көпшілік қауым мен оның жанашыр жанкүйерлеріне де ұсынылады.