Молекулалық физика есептерінің жинағы
Авторы: Ильясов Н.
Издательство: Нур-Принт
Оқу құралы студенттердің, жалпы физиканың маңызды салаларының бірі молекулалық физика жəне термодинамика курсының есептерін шығарудың əдіс-тəсілдерін игеруіне зор көмегін тигізетін өзіндік жұмыстарын жандандыруға арналған. Барлық есептер аталған теориялық курстың типтік бағдарламасының тарауларына сəйкес он бөлікке бөлінген. Оның əрбірі қарастырылатын тараудың мазмұнын түгел қамтитын негізгі формулалардан, оларды қолданудың ерекшеліктерін ашатын əдістемелік нұсқаулардан, жан-жақты талданған типтік есептер шығарудың үлгілерінен, жаттығу есептері мен өзін-өзі тексеру сұрақтарынан құралған. Есептер жинағы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына жəне, сонымен қатар, мектеп мұғалімдеріне арналған.