Тағамдық заттарды майдалау технологиясы

Авторы: Оспанов Ә.Ә., Тимурбекова А.Қ.

Издательство: Нур-Принт

Майдалау үрдісінің өзекті мәселелері және оның тағам және қайта өңдеу саласының индустриалды-инновациялық дамуындағы маңызы қарастырылған. Майдалауға арналған машинаның технологиялық сызбасының заманауи жіктелуі келтірілген. Майдалау теориясының жаңа ғылыми гипотезасы және майдалау-ұсақтау үрдістері мен аппараттарын моделдеу үшін айрықша тәжірибелік база ұсынылған, заманауи астық майдалау үрдісінің математикалық моделі және үгітілген какао мен қант ұнтағын дайындау үрдістерін зерттеудің нәтижелері келтірілген. «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтары бойынша білім алатын жоғарғы оқу орындарының магистранттары үшін арналған.