Тілдер және автоматтар теориясы

Издательство: Нур-Принт

Автоматтар теориясы теориялық кибернетиканың дискретті ақпараттың түрлендіргіштерін зерттейтін саласы. Ол есептеуіш машиналарды жобалауға және күнделікті өмір талабына аса қажет еткен ғылым салаларындағы ақпараттарды қайта өңдеу процестерінің математикалық модельдерін жасауға байланысты пайда болды. Қазіргі автоматтар теориясы - сан алуан мәселелері бар және жан-жақты қолданылатын дербес ғылым саласы. Автомат - ол өндірістік процесті адамның қатысуынсыз тек оның бақылауымен жүзеге асыратын құрылғы (машина, аппарат, аспап,...). Автоматты басқару теориясы (АБТ) деп – жүйелерде өтетін процестердің физикалық негізіне тәуелсіз техникалық (технологиялық, өндірістік) процестерді басқару мен бақылау функцияларын, адамның тікелей қатысуынсыз орындайтын, автоматты жүйелердің есептеу тәсілдері мен құру принциптерін зертеумен шұғылданатын ғылыми – техникалық пәнді айтады. Кибернетика деп әртүрлі қызмет атқаруға тағайындалған (жанды және жансыз) объектілер мен күрделі дамып тұратын жүйелермен мақсатты бағытталған басқару туралы ғылымды айтуға болса, онда АБТ кибернетика теориясының негізі болып келеді.