Атсайыс ойындары

Авторы: Исхан Қайрат Жәлелұлы

Издательство: Нур-Принт

Оқу құралында - ат спорты, оның шығу тарихы мен маңызы баяндалады. Ат спортының кәсіпқойлық, классикалық және ұлттық түрлеріне сипаттама жазылған. Оқу құралы - Орта Азия мен Қазақстан, Кавказ, Ресей, Еуропа халықтарының ат ойын түрлерінен қысқаша мағлұмат береді. Оның ережесі мен жүргізілу тәртібі туралы түсінік алуға болады. Жылқыны атсайыс түріне пайдаланудағы білімі мен тәжірибелік біліктілігін көтереді. «Атсайыс ойындары» кітабы - жылқы шаруашылығы мамандары (тренер, шабандоз, жокей, делбеші, ат күтуші) мен спорт бағытында жылқы өсіріп - баптайтын, ат шабысына қосатын жекеменшік ат иелеріне арналған. Сонымен бірге ат өнерін сүйсіне тамашалайтын көрермен көпшілік қауым мен оның жанашыр жанкүйерлеріне де ұсынылады.