Ауылшаруашылық малдарының жіті сəуле ауруы

Авторы: Сахариянов А.Ж., Шалхарова Д.Ж.

Издательство: Нур-Принт

Жіті сəуле ауруы – бұл өте үлкен дозамен салыстырмалы қысқа уақыттың ішінде бір рет немесе қайталап сəулелегеннен кейін пайда болатын, организмнің барлық ағзалары мен жүйелерін зақымдайтын жалпы ауру. Ядролық жарылыс кезіндегі бір рет сəулеленуге, жарылыстан кейінгі алғашқы төрт күнде үздіксіз сəулелену жатады. Жіті сəуле ауруы, сонымен қатар, организмнің ішіне радиоактивті заттар көп мөлшерде түскен кезде де пайда болады.