Заң терминдері бойынша сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша сөздігі
Издательство: Нур-Принт, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясы
Ұсынылып отырған қазақша-орысша сөздікке заң, құқық қорғау салаларында жиі қолданылатын 2500-ге жуық сөздер мен сөз тіркестері енген. Сөздік бірінші кезекте Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында білім алып жатқан курсанттар мен тыңдаушыларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестері терминологиялық комиссия тарапынан бекітілген, қазақ тілінің ресми тілінде қолданылатын нұсқаларына сай іріктеліп құрастырылған, сондай-ақ арнайы курстарды жүргізетін, ресми құжаттарды жасаумен жұмыс жасайтын мамандар үшін де көмекші материал бола алады деген ойдамыз.