Информатика пəнінен қысқаша анықтамалық құрал
Авторы: Жексенбай П.Т., Оразалы Ə.С., Дəлбекова Қ.С., Рысбаева Г.П.
Издательство: Нур-Принт, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясы
Оқу құралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес, «Информатика» пəнінің басты тарауларын қамтиды. Мұнда «Информатика» пəнінің негізгі ұғымдары мен анықтамалары қарастырылған. Олардың жинақы əрі нақты түрде баяндалуы, оқырманның керекті материалды тез тауып, оңай игеруіне, ал қажет болған жағдайда жылдам қайталап, еске түсірулеріне мүмкіндік береді. Оқу құралының басты мақсаты ішкі істер органы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығын арттырып, олардың жаңа информациялық технологияларды кеңінен пайдалануына мүмкіндін жасау. Ол құқық қорғау органдары оқу орындарының тыңдаушылары мен ғылыми жəне тəжірибелік қызметкерлерге арналған.