Радиоактивтіліктің, иондаушы сәулелердің дозасының және доза қуатының өлшем бірліктері

Авторы: Сахариянов А.Ж., Жұмагелдиев А.Ә.

Издательство: Нур-Принт

Радиометрияның қазіргі заманға сай дамуы, ядролық реакторларды және қуатты жылдамдатқыштарды қолданып, ауыр ядролардың бөліну өнімдерін пайдалана отырып, радиоизотоптарды алуға және ыстық атомдардың химиясын зерттеуге т.б. байланысты. Чернобыльдегі АЭС-да болған апат, дозиметриялық және радиометриялық аспаптарды дұрыс және жедел түрде пайдалану қажет екендігін, сонымен қатар төтенше жағдайларда, қоршаған орта нысандарының радиоактивтілігін және сәуле дозасын анықтау қажет екендігін көрсетті.