Радиометриялық жəне дозиметриялық аспаптардың құрылысы, жəне жұмыс істеу принциптері

Авторы: Сахариянов А.Ж., Шалхарова Д.Ж.

Издательство: Нур-Принт

Радиоактивті сəулелер сезім мүшелермен қабылданбайды. Бұл сəулелерді арнайы аспаптар мен қондырғылардың көмегімен ғана табуға (детекторлауға) болады. Олардың жұмысы иондаушы сəулелердің заттармен əсерлесуі кезінде туындайтын физико-химиялық эффектілерге негізделген. Иондаушы сəулелерді өлшеуге арналған аспаптарды шартты түрде үш категорияға бөлуге болады: радиометриялық (радиометрлер), дозиметриялық (дозиметрлер) жəне ядролық-физикалық зерттеулер жүргізуге арналған əлектронды аспаптар блоктары мен қондырғылары.