Қаржы нарығы және делдалдары
Авторы: Андосова А.Р., Гумар Н.А.
Издательство: Альманах
Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығын және қаржылық ұйымдардың қызметін дамытудың маңызы зор. Оқулықта Қазақстанның және дамушы елдердің ақша, депозит, несие, қор, валюта, зейнетақы, сақтандыру нарықтары және негізгі қаржы делдалдарының қалыптасуы мен дамуының негізгі аспектілері, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері ашып көрсетіледі. Әсіресе отандық қаржы нарығында айналымда жүрген қаржы құралдарына айрықша назар аударылды. Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне, қаржы-несие саласындағы мамандарға, оқытушыларға арналған.