Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған «Практикалық қазақ тілі»
Издательство: Альманах
Қазақ тілінен ұсынылып отырған бұл оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған. Аталған оқу құралында қазақ тілі грамматикасының барлық саласы қамтылып, лексикалық мәтіндер, жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары, тапсырмалар мамандық деңгейіне сәйкестендіріліп құрастырылған. Әдістеме негізінде құрылған бұл еңбек мәтінмен кешенді жұмыс, сөздік жұмыстар, өздік жұмыстар, даналық сөздер мен ақыл-нақыл сөздерді де қамтиды. Қазақ тілін үйретуде студенттердің тілді орта мектепте оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, жоғары оқу орнында оны дамыту, толықтыру ескеріледі.