Чтение online
Недоступно
Рейтинг издания
Поделиться:

Тарих-и Рашиди: толық нұсқасы. 2-кітап

Издательство:
Дарын
Авторы:
Мұхаммед Қайдар Дулати
Сведения об ответственности:
пер. Жеменей И.
Год издания:
2023
ISBN:
978-601-04-4314-3, 978-601-04-4316-7 (кн.2)
Тип издания:
монография
DOI:

Об издании

«Тарих-и Рашиди» еңбегін Мырза Мұхаммед Қайдар Дулат парсы тілінде 1542-1546 жылдары Кашмирде жазған. Энциклопедиялық шығарма ХІV ғасырдың бірінші жартысынан бастап – ХVІ ғасырдың орта шеніне дейінгі Орта Азия, Тибет, Иран, Үндістан, Ауғанстан жəне т.б. аймақтардағы тарихи-саяси оқиғаларды баяндайды. Мырза Қайдар бұл кітапты жазуда Шыңғыс ханның Шағатай ұрпағынан болған Тоғлықтемір ханнан бастап, оның соңғы нəсілі Саид хан мен оның баласы Рашид ханның саяси тарихын келешек ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен. Сондай-ақ еңбекте аталған ғасырларда Шағатай, Жошы əулеттері, Əмір Темір жəне Ирандағы билік құрған Шейх Сəфи династиясы арасындағы саяси бəсекеден туындаған тартыстар мен шайқастар жəне оның салдары туралы тұшымды мəліметтер беріледі. Сонымен бірге Орта Азиядағы түркінің саяси құлашының Қытай мен Үндістанға дейінгі кеңістікке созылғанына куəлік береді. Қазақ елінің тарихындағы саяси бастауларға негіз болған себептер жайлы сөз қозғап, Қазақ хандығы 1465 жылы құрылған деп шамалап жазғаны – аса маңызды мағлұмат. Мұны тарихшылар дерек ретінде қарастырады. Сондай-ақ «Тарих-и Рашидиде» қазақ халқының көшпенді мəдениетін шынайы суреттей білген. Бұл еңбекте көрсетілген бұрыннан қолданыста келе жатқан түркілердің ондаған сөзі тіл мамандарын да бей-жай қалдырмайды. Аталған жайттар еңбектің тарихи құндылығын арттыра түседі. Тарихи маңыздылығымен бірге кітаптың əдебиет жəне география ғылымдарына қосқан үлесі де бір төбе. Ал сопылық əдебиеттің дүниесімен етене танысу үшін бұл еңбек – баға жетпес туынды. Қысқасы, «Тарих-и Рашиди» – тарих, əдебиет, тіл, география, философия, психология, елтану, дінтану салаларына берері мол шығарма ретінде өте құнды еңбек. Кітап шығыстанушы, əдебиетші, тарихшы, философ, дінтанушы-ғалымдар мен көпшілік оқырман қауымға арналады.

Библиографическая запись

Қайдар, Дулати Тарих-и Рашиди: толық нұсқасы. 2-кітап / Мұхаммед Дулати Қайдар ; перевод И. Жеменей. — Алматы : Дарын баспасы, 2023. — 554 c. — ISBN 978-601-04-4314-3, 978-601-04-4316-7 (кн.2). — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/134823.html (дата обращения: 07.12.2023). — Режим доступа: для авторизир. пользователей

РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ

Этот сайт использует «cookies». Условия использования «cookies» см. в Пользовательском соглашении. Также сайт использует инструменты для сбора технических данных касательно посетителей с целью получения маркетинговой и статистической информации. Условия обработки данных посетителей сайта см. в Политике конфиденциальности. В случае несогласия с обработкой данных, просим покинуть сайт Принять условия