Чтение online
Недоступно
Рейтинг издания
Поделиться:

Мылтықсыз майдан – ұлт тағдыры. «1991 – 2022 жылдар аралығында тіл, дін, ұлт, ұлттық саясат жайында жарық көрген мақалалар мен сұхбаттар жинағы

Издательство:
Дарын
Авторы:
Жеменей И.
Год издания:
2023
ISBN:
978-601-7621-56-5
Тип издания:
документально-художественное издание
DOI:

Об издании

Бұл жинақ шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейдің 1991 жылдан бастап биыл яғни 2022 жылдың соңына дейін қазақтың тарихы, ұлттық құндылықтары және тілі жайында бүгіні мен ертеңіне талдау жасап жариялаған сұхбаттары мен мақалаларын қамтыған жинағы. Ислам Жеменей 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шақыруымен шығыстану факультетінде доцент болып жұмысқа кірісті. Сол жылдан бері оқытушы, зерттеуші ғалым және қоғам – мәдениет қайраткері ретінде еліне елеулі үлес қосып келеді. Ол ешқашан қазақтың тілі мен мәдени-рухани құндылықтарына бейжай қарамай еліміздің елдігіне мүдделі «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Заң», «Шалқар», «Президент және халық», «Қазақ», «Егемен қазақстан», «Айқын», «Ақ жол», «Оңтүстік қазақстан», «Жас алаш», «Жас қазақ», «Қазақ үні», «Алтынорда», «Төртінші билік» газеттері мен «Парасат», «Жалын», «Мәдениет», «Самұрық», «Мәдени мұра», «Таң шолпан», «Жұлдыз» сынды тағы басқа көптеген басылымдарда мақалалары мен сұхбаттары жарияланды. Автор ұлттық мүддеге сай бүгінгі күнге дейін өз ойлары мен көзқарастарын жазып, айтып жалғастырып келеді. Өйткені ол елінің ұлттық және мемлекеттік мүддесіне ат-үсті қарай алатын жан емес. Сондықтан Ислам Жеменейдің осы жылдары жазған жүздеген мақалалар мен сұхбаттарын тек қана ұлттық – мемлекеттік мәселеде жаңа буынға таным мен пайымдық құндылықтар бере алатын жазбаларын жинақтап жариялауды жөн көрдік. Біз бұл жинақ қазақтың жаңа буынының тарихи-ұлттық санасы мен саяси психологиясына болымды оң ықпалы болатынына сенеміз. Бұл жинақ қазақтың саяси тарихы, түркілік-исламдық кеңістігі, саяси психологиясын зерделегісі келетін оқырманның, сонымен қатар қазақ тілін, оның құндылықтарын және диаспорасын зерттеуші һәм жақтаушы әр қазаққа берері мол екендігіне сенеміз.

Библиографическая запись

Жеменей, И. Мылтықсыз майдан – ұлт тағдыры. «1991 – 2022 жылдар аралығында тіл, дін, ұлт, ұлттық саясат жайында жарық көрген мақалалар мен сұхбаттар жинағы / И. Жеменей. — Алматы : Дарын, 2023. — 433 c. — ISBN 978-601-7621-56-5. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/135088.html (дата обращения: 18.12.2023). — Режим доступа: для авторизир. пользователей

РЕКОМЕНДУЕМ К ПРОЧТЕНИЮ

Этот сайт использует «cookies». Условия использования «cookies» см. в Пользовательском соглашении. Также сайт использует инструменты для сбора технических данных касательно посетителей с целью получения маркетинговой и статистической информации. Условия обработки данных посетителей сайта см. в Политике конфиденциальности. В случае несогласия с обработкой данных, просим покинуть сайт Принять условия